(БҰРЫНҒЫ РЕД.)
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығы
(ҚР Президентінің 11.05.01 ж. N 605 жарлығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Президентінің 21.04.03 ж. N 1071 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері бекітілсін.
2. "Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 268-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 21 қаңтардағы
N 327 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан
өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау (бұдан әрі - қызметшілер) - олардың кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде оқтын-оқтын жүзеге асырылатын рәсім.
2. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа