Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 01.04.99 Ж. № 357-1 ЗАҢЫ

Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы

1 сәуірдегі N 357-І Заңы

Осы редакция ҚР 2002 ж. 31 қазандағы N 351-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Ескерту. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472 Заңымен енгізілген өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы Заң әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде қалыптасатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттердің әзірлену, қаралу, бекітілу, атқарылу және бақылану тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылық жағынан негіздеуге және іске асыруға жауапты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар;

республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржылық жағынан негіздеуге және іске асыруға жауапты орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар;

бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры (қалыптастыру көздерiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындап, Қазақстан Республикасының Президенті құратын қорлардан басқа, бұл қорлар қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне хабарланады);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку