Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.01.99 Ж. № 15 ҚАУЛЫСЫ

"Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенінің 1999-2003 жылдары

тұрақты қызметі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық

қамтамасыз ету" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының

негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін бекіту туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 8 қаңтардағы N 15 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенінің 1999-2003 жылдары тұрақты жұмыс істеуі мен стратегиялық басымдықтарын дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" қоса беріліп отырған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштеріне сай бағдарламаның кеңейтілген нұсқасын әзірлеп, бекітсін, бағдарламаны ғылымды қаржыландыруға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мақсатты түрде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізбесі мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

"12. Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия" кешенінің 1999-2003 жылдары тұрақты қызметі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету"

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку