Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Республикалық референдум

туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық

1995 ж. 2 қарашадағы N 2592 Заңы

Осы редакция 2004 жылғы 24 қарашадағы N 604-II Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

ҚР Президентінің 06.05.1999 N 376 заңымен кіріспе өзгерді

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикалық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді.

I тарау

Жалпы ережелер

1-бап. Республикалық референдум ұғымы

1. Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.

2. Референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi.

2-бап. Республикалық референдум талқысына

қойылатын мәселелер

Референдумның талқысына:

1) Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;

2) Республиканың мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн.

3-бап. Республикалық референдумның талқысы

бола алмайтын мәселелер

Мыналар:

1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын;

2) мемлекеттiк бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгерту;

3) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мен шекараларының;

4) сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау;

5) бюджет пен салық саясаты;

6) рақымшылық пен кешiрiм жасау;

7) Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары мен Үкiметiнiң қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымынан босату;

8) Республиканың халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындау мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды.

4-бап. Республикалық референдум өткiзудiң принциптерi

Референдум өткiзу:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку