(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 30.06.97 Ж. № 1037 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң)
экспорты мен импортын лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысы
(22.01.03 ж. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 3 қыркүйектегі N 893 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151, 14.10.00 ж. N 152 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбi(1-қосымша);
экспорты Қазақстан Республикасының Үкiметi рұқсатының негiзiнде лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (2-қосымша);
импорты Қазақстан Республикасының Үкiметi рұқсатының негiзiнде лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (3-қосымша);
экспорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (4-қосымша);
импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (5-қосымша);
экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (6-қосымша) бекiтiлсiн;
экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі (8-қосымша).
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен тiркелген жерiне қарамастан, шетелдiктердi қоса алғандағы Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғалары үшiн мiндеттi тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) (бұдан әрi - тауарлар) экспорты мен импортының тәртiбi белгiленсiн. Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) импорты лицензиялауға қолданылмайды.
Демо – версия документа