Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1997 ЖЫЛҒЫ 16 ШІЛДЕДЕГІ № 168-1 ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 168-1 Заңы

(ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР 30.10.02 ж. N 349-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1-бап. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн, бұған осы Заңмен күшiне енгiзудiң өзге мерзiмдерi белгiленген ережелерi қосылмайды.

2-бап. 1959 жылғы 22 шiлдедегi "Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiн бекiту туралы" Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң, сондай-ақ 1959 жылғы 22 шiлдеден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген барлық заңдардың 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес келтiрiлуге тиiс.

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн аталған заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi.

3-бап. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн шығарылған сот үкiмдерi мен қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа шараларды қолдану туралы өзге де сот актiлерi, егер заң әрекеттiң қылмыстылығын жоятын, қылмыс жасаған адамның жазасын жеңiлдететiн немесе жағдайын өзге де түрде жақсартатын жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң қылмыстық заңының керi күшi белгiленетiн 5-бабына сәйкес келтiру мақсатымен қайта қаралсын. Бұрын шығарылған сот үкiмдерiн және басқа да сот актiлерiн қайта қарауды үкiмдi шығарған соттың немесе сотталған адам жазасын өтеп жатқан жерде орналасқан соттың судьясы жүргiзедi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку