Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы

Қазақстан Республикасының 1997 ж. 19 мамырдағы N 111-I Заңы



Осы редакция 2004 ж. 13 қаңтардағы N 523-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөнiнде азаматтардың Конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.

I тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

анатомиялық сый - органдар мен тканьдар беру;

ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемi - Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына көрсетiлетiн және тiкелей республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын медициналық көмектiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы бiрыңғай көлемi;

ерiктi медициналық сақтандыру - азаматтарға медициналық көмектiң кепiлдi тегiн көлемiнен тыс қосымша қызмет көрсету бойынша оларды сақтандыру түрi;

амбулаториялық-емханалық тарификатор - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек қызметiн көрсетуге арналған тарифтер тiзбесi;

клиникалық-шығын топтары - емделуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық бiртектес топтары;

жан басына шаққандағы норматив - медициналық қызмет көрсетулердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн бiр адамға есептелген жыл сайын қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы;

халықтық медицина (емшiлiк) - халық жинақтаған емшiлiк құралдар туралы тәжiрибелiк мәлiметтердiң, сондай-ақ емшiлiк және гигиеналық тәсiлдер мен дағдылардың жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу мен емдеу үшiн iс жүзiнде қолдану;

медициналық оңалту - денсаулықты iшiнара немесе толық қалпына келтiру;

ЖИТС - жасанды иммунды тапшылық синдромы - адамның иммунды тапшылық вирусын жұқтыруына байланысты аса қауiптi жұқпалы ауру;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку