(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына
берiлетiн кепiлдiктер туралы Қазақстан Республикасының
1997 ж. 16 сәуiрдегi N 96-1 Заңы (ҚР 16.07.01 ж.
N 244-II Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I тарау. Жалпы ережелер (1-15 баптар )
II тарау. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық (16-17 баптар)
жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
III тарау. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар, (18-22 баптар )
медицина қызметкерлерінің және өзге де мамандардың
құқықтары мен міндеттері
IV тарау. Психиатриялық жәрдемнің түрлері және оны (23-41 баптар)
көрсетудің тәртібі
V тарау. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары (42-47 баптар )
мен бостандықтарының сақталуын қоғамдық бақылау
Осы заң халыққа психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы құқықтық, әлеуметтiк, экономикалық және ұйымдық негiздердi, соның iшiнде азаматтардың сондай жәрдем көрсетiлген кездегi құқықтарына берiлетiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
I тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
психикалық науқастың дәрменсiздiгi - адам психикасының қатты бұзылуына, кемiстiгiне байланысты, сайып келгенде негiзгi өмiрлiк қажеттердi өз бетiмен қанағаттандыруға дәрменсiздiк пайда болатын хал-жағдай;
заңды өкiлдер - пациенттердiң мүдделерiн бiлдiретiн адамдар: ата-аналар, асырап алушылар және қорғаншылар, қамқоршылар;
медициналық-әлеуметтiк оңалту - науқасты жұмысқа тартуға, отбасылық және қоғамдық өмiрге қосуға арналған медициналық, әлеуметтiк шаралар мен еңбек шараларын кешендi түрде пайдалана отырып, науқастардың денсаулығын қалпына келтiру;
қабiлетсiздiк - психикасының ауыруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан азаматтардың өз iс-әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмауы немесе оған басшылық ете алмауы;
Демо – версия документа