(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi
қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 3120 Жарлығы
(ҚР Президентiнiң 2000.02.11. N 335 жарлығымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 2 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау тәртiбiн айқындау мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қараудың тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдары екi ай мерзiм iшiнде өздерi шығарған нормативтiк құқықтық актiлердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
3. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 28 ақпандағы N 669 қаулысының;
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 28 ақпандағы N 669 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Азаматтығына байланысты мәселелердi қарау тәртiбi туралы ережеге толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 24 тамыздағы N 1326 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 26 қыркүйектегi
N 3120 Жарлығымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтығына
байланысты мәселелердi қарау тәртiбi туралы
Ереже
Демо – версия документа