Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығы
ҚР Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 97 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы № 458 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2391 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасында:
1. Дәрігерлік лауазымдар номенклатурасы бөлімінде:
6-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 160, 161-тармақтармен толықтырылсын:
"160. Сот-наркологиялық сарапшы дәрігер
161. Әуе және ғарыш медицинасы жөніндегі дәрігер;";
2. Дәрігерлік мамандықтардың номенклатурасы бөлімінде:
мынадай мазмұндағы 141, 142, 143-тармақтармен толықтырылсын:
"141. Денсаулық сақтау менеджер-дәрігері
142. Сот-наркологиялық сарапшы дәрігер
143. Әуе және ғарыш медицинасы жөніндегі дәрігер.".
2. "Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары және орта білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 463 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2404 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Документ утратил силу
Демо – версия документа