«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 12 «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 54 бұйрығы
"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 12
"Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық
тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 54 бұйрығы
Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметіне жүргізілетін тексерулерді есепке алуды бұдан әрі қарай жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 12 "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне барлық тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 2744 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2004 жылы, № 13-16, 916 бабы жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу туралы" Нұсқаулыққа:
7 тармағы:
бірінші абзац келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тексеру тек осы актіде көрсетілген мәселелер бойынша жүргізіледі";
екінші абзацтағы "оларды шығару күні" сөздері жойылсын.
9 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"Тексеру жүргізудің басы ретінде тексеруді тағайындау туралы актіні ұсыну кезі болып табылады. Тексеру аяқталған болып тексеру нәтижесі туралы құжаттың ұсынылған күні табылады".
9) тармақшадағы ";" белгісі "." белгісімен ауыстырылсын;
10) тармақша алынсын.
"заңдармен, Президент және Үкімет актілерімен" сөздері "нормативтік құқықтық актілерімен" сөздерімен ауыстырылсын;
Демо – версия документа