«Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 қаулысы
"Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша "Нотариат туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру
туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы
31 қаңтардағы № 1 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, төраға И.И. Рогов және Кеңес мүшелері Х.Ә. Әбішев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтініш субъектісінің өкілі - Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Б.Б. Асқаровтың,
Республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Республика Әділет вице-министрі С.Н. Баймағанбетовтің,
Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының судьясы Ж.С. Жұмабаеваның,
Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Ә.Б. Жанәбілованың,
Алматы қаласы нотариаттық палатасының мүшесі Қ. Қалабаеваның,
Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Е.Д. Ребенчуктің қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Астана қаласы сотының "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы ұсынысын қарады.
Баяндамашыны - Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә. Әбішевті, отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап және қолдағы бар материалдарды зерделеп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны
анықтады:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне Астана қаласы сотының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәнінде тексеру туралы ұсынысы келіп түсті.
Демо – версия документа