Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 1281 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына
толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 1281 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Білім беру қызметiн лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегі № 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 219-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Білім беру қызметiн лицензиялаудың ережесінде:

5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Жоғары кәсiптiк білім беру ұйымының филиалына берiлетін лицензияның қосымшаларында мемлекеттік жалпыға бірдей мiндетті білім беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ететiн оқыту мерзiмдерi көрсетіледі.";

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

"6-1. Қысқа мерзiмдi курстар, тағылымдамалар нысанындағы және мемлекеттік қорытынды аттестаттаумен және мемлекеттік үлгiдегi білімi және (немесе) біліктілігі туралы құжаттар берумен аяқталмайтын басқа да оқыту түрлерiнің білім беру қызметi лицензиялауға жатпайды.";

7-тармақ 5) тармақшадағы "жоспарларын" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:

"6) штаттағы оқытушылардың бар екенін растайтын құжатты;

7) меншiк оқу-материалдық базасының бар екендігін растайтын құжаттарды.";

2), 3) тармақшалардың оныншы абзацында 23-тармақтың "өз меншiгіндегi немесе 1 оқу жылынан кем емес мерзiмге жалға алған" деген сөздер "меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесiлі" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 және 23-3-тармақтармен толықтырылсын:

"23-1. Дiни оқу орындарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:

1) даярлық бейiні бойынша жоғары дiни білімi бар және діни бірлестiктер қоятын талаптарға сай келетiн штаттағы оқытушылардың болуы;

2) толық оқу цикліне білім алушылар контингентiне шаққанда бір оқушыға саны кемiнде 50 бірлiк басылымнан келетiн оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиеттер қорының болуы;

3) білім беру процесiн ұйымдастыру үшiн қажеттi меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және қажетті оқу-материалдық базасының болуы;

4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;

5) дiни кадрлар даярлау туралы тиiсті дiни конфессияның қолдаухатының болуы;

6) мәлімделген дiни білім беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Дiни бірлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестің қорытындысының болуы.

23-2. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:

1) қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып, білім беру бағдарламасы пәндерінің кемiнде 90 %-ын iске асыру;

2) әрбір білім алушының негiзгi ақпараттық білім беру ресурстарына қол жетiмдiлiгінің және оқытушылармен өзара iс-қимылының болуы;

3) кемiнде екі қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану (кейстік, желілік және ТД-технологиялар);

4) Web-сайт пен білім порталының болуы;

5) оқытуды қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып жүргізу үшiн мамандандырылған студияның болуы;

6) қашықтық технологияларын пайдаланып іске-асырылатын білім беру бағдарламаларының барлық пәндерi бойынша электронды оқу-әдістемелік кешендердің болуы;

7) байланыс арналары өткізу қабiлетiнің қашықтықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары жөніндегі мемлекеттік стандартының талаптарына сай болуы;

8) оқытушылар мен көмекшi персоналдың қашықтықтан білім беру саласындағы біліктiлiгiн арттыру туралы құжаттарының болуы;

9) білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың, ұйымдастыру техникасы мен құрал-жабдықтардың болуы және қажеттi оқу-материалдық базасының болуы.

23-3. Қосымша кәсiптiк білім берудi iске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:

1) кадрларды даярлау бейiні бойынша жоғары бiлімі бар штаттағы оқытушылардың болуы;

2) мамандандырылған оқу-практикалық базасының болуы;

3) білім беру процесiн ұйымдастыру үшін қажетті меншiк, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы осы құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiлген санитарлық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келетiн ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және қажетті оқу-материалдық базасының болуы.";

26-тармақ 2) тармақшадағы "сәйкес келмеуі" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

"3) көрсеткiштердiң біліктiлiк талаптарында белгіленгеннен төмендеуi.";

30-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) лицензиаттың қасақана жалған ақпарат бepуi.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку