Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1258 қаулысы (2008.23.12. берілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және
2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1258  Қаулысы

(2008.23.12. берілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкімеітінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:

ескертудің екiншi абзацындағы "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрі сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын;

2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен күші жойылды  (бұр. ред. қара)

2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов












































































































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции