Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 932 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 932 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 17, 213-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

2-тармақтағы "20 қаңтар және 20 шілде" деген сөздер "1 қаңтар және 1 шiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "1 ақпан және 1 тамыз" деген сөздер "10 қаңтар және 10 шiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С. Әйтiмоваға жүктелсiн";

көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

"Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:

реттік нөмiрi 22-жолда:

2-бағанындағы "ШЫҰ" аббревиатурасы "ТМД" аббревиатурасымен ауыстырылсын;

4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"IIМ, СIМ, КБА, ЭСЖҚА, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)"; 5-бағанындағы "мамыр" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 26-жолдағы 5-бағанда "шiлде" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов



















 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку