Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 837 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.24.01. № 47; 2005.31.05 № 539 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 837
қаулысы

(ҚР Үкіметінің 2005.24.01. № 47;  2005.31.05 № 539 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің  2005.31.05 № 539  қаулысымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

2) ҚР Үкіметінің 2005.24.01. № 47 қаулысымен күші жойылды (бастапқы ред. қара)

3) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

IV "Шығындар" деген бөлiмде:

03 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" деген функционалдық топта:

618 "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы)" әкiмшiсi бойынша:

001 "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада: 001 "Орталық органның аппараты" деген кiшi бағдарламада "247775" деген сандар "329152" деген сандармен ауыстырылсын;

002 "Аумақтық органдардың аппараты" деген кiшi бағдарламада "2546433" деген сандар "2465056" деген сандармен ауыстырылсын;

4) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 401-қосымшада:

6-тармақта "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында":

"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағанда:

001 "Орталық органның аппараты" деген кiшi бағдарламада:

"204" деген сандар "338" деген сандармен ауыстырылсын;

002 "Аумақтық органдардың аппараттары" деген кiшi бағдарламада:

"3581" деген сандар "3447" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции