Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 813 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерiс пен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 2 тамыздағы № 813 қаулысы


"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

IV "Шығындар" деген бөлiмде:

01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" деген функционалдық топта:

01 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдi, атқарушы және басқа органдар" деген ішкi функцияда:

104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi" деген әкiмші бойынша:

001 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада:

008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделi жөндеу" деген кiшi бағдарламадағы "82961" деген сандар "79946" деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 009-кіші бағдарламамен толықтырылсын:

"009 Мемлекеттік органдарды материалдық-

техникалық жарақтандыру 3015";

2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 6-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 5-жолмен толықтырылсын:

     "5. -  009 Мемлекеттік органдарды   4 жиынтық   Жыл   Қазақстан
                материалдық-техникалық   басшы       бойы  Республикасы
                жарақтандыру             кабинетiн         Премьер-
                                         сатып алу         Министрiнің
                                                           Кеңсесi".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку