Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Туберкулезге қарсы санаторийларда медициналық көмек көрсету ережесі (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 510 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

"Туберкулезге қарсы санаторийларда

санаторийлық-курорттық емдеуді

жетілдіру туралы"

2004 жылғы 28 маусымдағы

№ 510 бұйрығымен

бекітілген

Туберкулезге қарсы санаторийларда медициналық көмек көрсету ережесі

1. Туберкулезге қарсы санаторийларда медициналық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық, облыстық, қалалық деңгейлердегі туберкулезге қарсы санаторийларда (бұдан әрі - Санаторий) туберкулезбен ауыратын науқастарды санаторийлық-курорттық емдеуді жетілдіру мақсатында әзірленді.

2. Туберкулезбен ауыратын науқастарды кешендік емдеуде бақыланатын химиотерапия негізгі әдіс болып табылады. Химиотерапия санаторийде медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен бұрынғы емдеуде қол жеткізген нәтижелерді арттыру және бекіту, кешендік химиотерапияның курсын толық аяқтау мақсатында аурудың жіті белгілері басылғаннан кейін жүргізіледі.

3. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің жеке мерзімдері мынадай мақсатта болады:

1) клиникалық сауығуы;

2) туберкулездік процестің созылмалы түріне айналуын болдырмау.

4. Стационар жағдайында ұзақ мерзімді емдеу көрсетілген жаңа туберкулез нысанымен ауырған, сондай-ақ созылмалы процестің өршу жағдайында кейіннен айғақтары бар барлық науқастарға кейіннен Санаторийға ауыстыра отырып мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу ұйымында (бұдан әрі - Ұйым) емдеуді бастау қажет. Бұл науқастардың бір бөлігін (әсіресе туберкулездің өршусіз аз және созылмалы нысанымен ауыратын науқастар) ауруханалық стационарда алдын ала емдеусіз бірден санаторийге жіберудің мүмкін болатындығын ескертеді.

5. Аяғына дейін емдеудің екінші кезеңіндегі (қолдаушы саты) бақыланатын химиотерапиямен емдеудің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында туберкулездің жұқпайтын нысанымен ауыратын әлеуметтік жағдайлары нашар және шалғай аудандарда тұратын науқастарды туберкулезге қарсы Санаторий жағдайларында емдеуге болады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку