Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 376 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы № 693 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 376 қаулысына
толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 23 маусымдағы № 693 қаулысы

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 376 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген 004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебiнен Техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiнде:

мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 4-жолмен толықтырылсын:

           "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
           4  Астана қаласында 500 төсекке арналған
              Республикалық ана мен бала ғылыми
              орталығын салу                            54 000";
 

"Жиыны" деген жолда "110850" деген сандар "164850" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов


































 

Укажите название закладки

Создать новую папку