Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 663 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 және
1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 663 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

1) «Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат):

тақырыбында, кiрiспесiнде және 1, 2-тармақтарда «(сырадан басқа)» деген сөздер алынып тасталсын;

2-тармақта «Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi» деген сөздер «Қаржы министрлiгінiң, Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;

3, 4-тармақтар алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртібінде:

тақырыбында және мәтiнiнде «(сырадан басқа)» деген сөздер алынып тасталсын;

3-тармақтың екiншi абзацында «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың соңғы абзацының алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«ж) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды сыра импорттаушылар ұсынбайды.»;

8-тармақ алынып тасталсын;

көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақтағы «министрлігі» деген сөз «министрлігінiң Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):

2, 3, 4-тармақтарда «(сырадан басқа)» деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақта «министрлігі» деген сөз «министрлігінiң Салық комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;

мына:

           «Сусындарды өндiру кезiнде
           пайдаланылатын жұпар иістi
           заттардың негiзiндегi
           өнімдерден басқа, құрамдас
           спирттiк шала өнiмдер                         2106 90 200 0»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

           «Уытты сыра                                   2203 00».

2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку