Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 617 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 617 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

           «Ахметов             - Қазақстан Республикасының Премьер-
           Даниал Кенжетайұлы     Министрі, төраға
 
           Мыңбаев              - Қазақстан Республикасы
           Сауат Мұхаметбайұлы    Премьер-Министрінің орынбасары,
                                  төрағаның орынбасары;
 
           Дунаев               - Қазақстан Республикасының
           Арман Ғалиасқарұлы     Қаржы министрі
 
           Қанешев              - Қазақстан Республикасы
           Біржан Бисекенұлы      Ақпараттандыру және байланыс
                                  жөніндегі агенттігінің төрағасы»;
 

мынадай:

           «Жандосов            - Қазақстан Республикасы Табиғи
           Ораз Әлиұлы            монополияларды реттеу және
                                  бәсекелестікті қорғау жөніндегі
                                  агенттігінің төрағасы, төрағаның
                                  орынбасары (келісім бойынша)»
 

деген жолда «төрағаның орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Марченко Григорий Александрович, Досаев Ерболат Асқарбекұлы.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку