Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 17 мамырдағы № 136 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділет министрлігінің
2004 жылғы 17 мамырдағы № 136 бұйрығы
ҚР Әділет министрлігінің 2007.24.08. № 239 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметін жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1036 тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы № 7 бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1300 тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы № 527-к бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2058 тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 175 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 564 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
67-тармақтың екінші абзацында "Құқықтық кадастрдың тіркеу парағының көшірмесі және техникалық сипаттамасы туралы анықтама" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
84-тармақта "құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан көшірме бойынша" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа