Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 1308 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 17 наурыздағы № 1308 Жарлығы
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат; 2002 ж., № 6, 40-құжат; 2003 ж., № 33, 323-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ереженің 4-тармағында "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы," деген сөздер алынып тасталсын;
Демо – версия документа