Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 17 наурыздағы № 329 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 17 наурыздағы № 329 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007.30.06. № 555 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 9-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің тізбесінде:

"Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық төзімділігі 6 балға дейін және/немесе 6 балдан жоғары аудандарда)" деген 2-бөлімде:

3-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку