Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 11 наурыздағы № 302 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258
қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 11 наурыздағы № 302 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 43, 388-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібінде:

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

"17-1. Қойма және тұрақты үй-жайларды балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес жүз метр радиустағы аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.";

35-тармақтың 2) тармақшасындағы "50" деген сандар "37,5" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку