Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 ақпандағы № 194 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 ақпандағы № 194 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

Туризм жөніндегі кеңестің құрамына Марченко Григорий Александрович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға болып енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Павлов Александр Сергеевич шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку