Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы № 150ац қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 31 желтоқсандағы № 150ац қаулысы

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2003 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) көрсетілген қаулыға 262-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Құны: 7711890 мың теңге (жеті миллиард жеті жүз он бiр миллион сегiз жүз тоқсан мың теңге).";

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң 5-бағанында:

реттік нөмiрi 1-жолдағы "1094" деген сандар "1050" деген сандармен ауыстырылсын;

2) көрсетiлген қаулыға 266-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

2-тармақтың екiншi абзацындағы "бұқаралық ақпарат құралдарында", "(қажеттілiгiне қарай)" деген сөздер алынып тасталсын;

3) көрсетілген қаулыға 278-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іc-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:

"1000" және "5000" деген сандар тиісiнше "3000" және "10000" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку