Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 537 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 537 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен 2011 жылы 1 қаңтардан бастап күшін жояды
«Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы тауар номенклатурасы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 567 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 9 маусымда № 2355 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығында:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Тауарларды декларациялау ережесінде:
21-тармақта:
жүз елуінші абзацта «тоғыздық белгі» сөзі «ондық белгі» сөзіне ауыстырылсын;
жүз сексенінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«33-баған «Тауардың коды»
Бірінші шағын бөлімде ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауарлардың жіктеу коды көрсетіледі. Кодтың құрылымы ашық жерсіз және өзге де бөлгіш таңбаларсыз жазылады.»;
2) «Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 26 мамырда № 2318 болып тіркелген):
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау ережесінде:
Документ утратил силу
Демо – версия документа