Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1232 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1232 Жарлығы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 108-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында:
мәтіндегі "2001-2002 жылдар", "2001-2003 жылдар", "2001-2003 жылдарда", "2002-2003 жылдар" және "2001 жыл" деген сөздер тиiсiнше "2001-2005 жылдар", "2001-2005 жылдарда", "2001-2005 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орта мерзiмдi" деген сөздер алынып тасталсын;
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ақпараттық жүйе - ақпараттық процестердi iске асыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желiлердiң және оларды бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;";
он екiншi абзац алынып тасталсын;
он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етумен бiрiктiрiлген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделiлiгiн туғызатын, электрондық жүйелендiрiлген ақпарат (ақпараттық деректер базалары)";
Демо – версия документа