Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 27 қарашадағы № 1193 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 27 қарашадағы № 1193 қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығының 31-1-бабының 1-тармағына және "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы өнiмнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 586-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесінде:

"Қазақстан Республикасында мiндеттi түрде сертификаттауға жататын қызмет түрлерiнiң номенклатурасы" деген 20-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"азаматтық авиация саласындағы қызмет көрсетулер, соның iшінде:

авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі;

авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі;

әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, оны ұстау және жөндеу жөніндегі;

ұшуларды жарық техникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация объектiлерiн энергиямен жабдықтау жөнiндегі;

азаматтық әуе кемелерiн, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі;

азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығарып салу және оларға қызмет көрсету, қолжүктi, жүктердi, почтаны өңдеу жөніндегі;

әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі;

ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі;

азаматтық әуе кемелерiн және басқа тұтынушыларды арнайы автокөлiк құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі;

жолаушылар мен жүк тасымалдарын сату және брондау жөніндегі;

азаматтық авиация оқу орындарының қызмет көрсетулерi;

азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының қызмет көрсетулерi;

аса жеңіл авиация саласындағы қызмет көрсетулер".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку