Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1084 қаулысы (ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 824 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1084
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 824 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 824 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:

реттiк нөмiрлерi 28-1, 33-жолдар алынып тасталсын;

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:

"6. Әлеуметтiк саясат" деген бөлiмде:

"6.5. Мәдениет" деген кішi бөлімдегi реттiк нөмiрлерi 6.5.1., 6.5.7-жолдар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции