Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 ақпандағы № 183 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 ақпандағы № 183 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде:

6-тармақта:

"ақша" деген сөздің алдынан "қағаз" деген сөзбен толықтырылсын;

"(немесе)" деген сөз алынып тасталсын;

7-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:

тақырыбындағы, мәтіндегі және ескертудегі "Ақша" деген сөздің алдынан "Қағаз" деген сөзбен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку