Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу туралы ереже (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 30 қазандағы № 351 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнің
2002 жылғы 30 қазандағы
№ 351 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Базарларда ветеринариялық-санитариялықсараптау жүргiзу туралы
Ереже
1. Жалпы бөлім
1. Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзу Ережесi (әрi қарай - Ереже) базарларда сатылатын мал өнiмдерi мен шикiзаттарының ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн анықтау мақсатында ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзетiн лабораторияларға бiрыңғай талаптарды және ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізудiң ретiн анықтайды және мал өнiмдерi мен шикiзаттарын сатумен, ветеринариялық-санитариялық сараптаумен айналысатын, базар аумағында басқада кәсiпкерлiкпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар орындаулары тиiс.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеру;
2) сараптама актiсi - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерi диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелерi бойынша ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен ветеринариялық зертханалар беретiн, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - базарларда және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi;
Документ утратил силу
Демо – версия документа