Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 28 желтоқсандағы № 1006 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 ж. 28 желтоқсандағы № 1006 Жарлығы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы КСРО қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдарының қалдықтарына өтем жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдарына өтем жасауды жүргізсін. Өтем жасауға 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтары жатады.
2. Өтем жасау КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдар қалдықтары бойынша мемлекеттік ішкі қарызды:
1) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1936 жылдан бастап 1940 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі бір жылдық;
2) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1941 жылдан бастап 1960 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі екі жылдық;
Документ утратил силу
Демо – версия документа