Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 12 шілдедегі № 770 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 12 шілдедегі № 770 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта;

12-тармақ «ұйымның» деген сөзден кейiн «мамандығы бойынша 1 жылға дейiнгi жұмыс стажы бар» деген сөздермен толықтырылсын;

13-тармақ «ұйымы» деген сөз «ұйымының» деген сөзбен ауыстырылып, осы сөзден кейiн «мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

И. Тасмағамбетов

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку