Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы № 172 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақбанк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардыңарасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекітутуралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық БанкіБасқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы № 172 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелердің:
5-тармағы мынадай редакциядағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) банктік бірегейлендірілген код (ББК) - ақша аудару не төлеу туралы нұсқауды ұсынған кезде банкті бірегейлендіру үшін оған Ұлттық Банк берген банктің сандық белгісі.»;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Корреспонденттік есепшот шартын жасау үшін банктер Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасында банктік есепшоттар ашу жөніндегі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға және осы Ережелерге сәйкес құжаттарды береді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа