Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 желтоқсан № 1886 (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 желтоқсан № 1886

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 288 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 8, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына:

     Мыңбаев Сауат       - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Мұхаметбайұлы         министрі, төраға болып
 
     Исмайылов Шахмұрат  - Қазақстан Республикасының Туберкулез
     Шайымұлы              проблемасы ұлттық орталығы туберкулез
                           ғылыми-зерттеу институтының директоры
 
енгізілсін;

Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов, Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев көрсетілген құрамнан шығарылсын;

     "Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Мұратханұлы           бірінші вице-министрі - Қазақстан Республикасы
                           Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің
                           төрағасы, төрағаның орынбасары
 
     Тұрсынқұлов         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
     Шахайдар              министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау комитеті
     Жорабекұлы            төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары
 
 
     Дүрімбетов Еркін    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
     Ермекұлы              білім және спорт министрлігінің Денсаулық
                           сақтау комитеті төрағасының орынбасары
 
     Иванов Николай      - Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу
     Петрович              институты ауыл шаруашылығы жануарларының
                           бруцеллезін зерттеу жөніндегі лабораториясының
                           меңгерушісі"
 
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
     "Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Мұратханұлы           вице-министрі, төрағаның орынбасары
 
     Тұрсынқұлов         - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Шахайдар              министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау
     Жорабекұлы            департаментінің директоры, төрағаның
                           орынбасары
 
 
     Дүрімбетов Еркін    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
     Ермекұлы              істері жөніндегі агенттігінің төрағасы
                           орынбасарының міндетін атқарушы
 
     Иванов Николай      - Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу
     Петрович              институты ауыл шаруашылығы жануарларының
                           бруцеллезін зерттеу жөніндегі лабораториясының
                           бас ғылыми қызметкері"
 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку