Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі № 1180 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі № 1180 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында:

"Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 9-тараудағы:

"Заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрестің құқықтық базасын нығайту" деген 1-бөлімде:

реттік нөмірі 6.1-жолда:

2-бағандағы "Орта арнайы білім беру ұйымдары" деген сөздер "арнайы білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-бағандағы "Қаулының жобасы" деген сөздер "Бұйрық" деген сөзбен ауыстырылсын;

4-бағандағы "НЕКА" деген сөз алынып тасталсын;

5-бағандағы "1 тоқсан" деген сөздер "3 тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 6.2-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірі 6.3-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы";

3-бағандағы "Қаулының жобасы" деген сөздер "Бірлескен бұйрық" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"ІІМ, БҒМ, ӘдМ";

5-бағандағы "2 тоқсаны" деген сөздер "3 тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку