Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз № 1124 (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N
231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз № 1124

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

1) шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамына мыналар енгізілсін:

Қазақстан-молдова экономикалық ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссиясы, Қазақстан-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы;

Қазақстан-поляк сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Вадим Павлович Зверьков - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі;

Қазақстан-герман мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі аралас комиссиясы, Қазақстан-египет сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы - Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі;

Қазақстан-венгр сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

"Қазақстан-палестина сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы - Арман Ғалиасқарұлы Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген құрамнан Шалбай Құлмаханұлы Құлмаханов, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку