Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 247 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 247 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттар қызметін осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне 2001 жылғы 1 маусымға дейін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке уақытша рұқсаттар беру құқығы берілсін.».

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі





Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку