Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 ақпан № 187

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 ақпан № 187

     Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

атауындағы және мәтiніндегі "әлеуметтiк-экономикалық" деген сөздер тиiсiнше "әлеуметтiк" деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақта:

Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

     Жандосов                   - Қазақстан Республикасы
     Ораз Әлиұлы                  Премьер-Министрінің орынбасары,
                                  төраға
     Рябченко                   - Қазақстан Республикасының
     Олег Григорьевич             Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                  келісім вице-министрi;

Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы көрсетiлген құрамнан шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 
 
 
 

Укажите название закладки

Создать новую папку