Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы № 527-к бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі
№ 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2000 жылғы
20 қарашадағы № 527-к бұйрығы
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Нұсқаулықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық";
2) 2-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын;
3) 9-тармақтағы "нотариаттық кеңсесі" деген сөздерден кейін "немесе жеке қызметпен айналысатын, нотариус кеңсесі" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтініштерге және басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қатысушылардың қолдары ғана қойылмай, олардың өз қолымен жазған аты-жөндері де жазылады.";
5) 24-тармақтағы "нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың" деген сөздерден кейін ", бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 38-тармақтағы "суреттегі тұлға мен азаматтың бір екендігі салыстырып расталғанда," деген сөздер алынып тасталсын;
7) 39-тармақта:
екінші абзацында "Тізілімдер" деген сөзден кейін ", олардағы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркегенге дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзац алынып тасталсын;
8) 42-тармақтағы "нотариат кеңсесінің" деген сөздерді "нотариус" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 43-тармақта:
1) тармақшадағы "олардың" деген сөз "филиалдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
10) 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті басқа да адамдар жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің құпиялылығын сақтауға міндетті.
Демо – версия документа