Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуіріндегі № 499 және 2000 жылғы 31 тамыздағы № 1328 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1807 қаулысы (ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуіріндегі № 499 және
2000 жылғы 31 тамыздағы № 1328 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1807
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 3 қазандағы № 450 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы ережедегі:

11-тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;

2) "Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге даярлану мен оны өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 тамыздағы № 1328 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеу іс -шараларының ұлттық жоспарындағы:

реттік нөмірі 28-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Укажите название закладки

Создать новую папку