Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 21 қарашадағы № 1745 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 21 қарашадағы № 1745 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

     Досаев Ерболат Асқарбекұлы       - Қазақстан Республикасының
                                        Қаржы вице-министрі,
                                        төрағаның орынбасары
 
     Нефедов Петр Петрович            - Қазақстан Республикасының
                                        Энергетика, индустрия және
                                        сауда вице-министрі;
 

"Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

     Дунаев Арман Ғалиасқарұлы        - Қазақстан Республикасының
                                        Қаржы министрлігі
                                        Мемлекеттік қарыз алу
                                        департаментінің директоры,
                                        хатшы";

көрсетілген құрамнан Әбітаев Есберген Әбітайұлы, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі



Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку