Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 4 қазандағы № 78 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2000 жылғы 4 қазандағы № 78 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 169 бұйрығына сәйкес осы ереженің күші жойылды

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мынадай бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығына:

аталған бұйрықпен бекітілген Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ережеде:

1) 3-тармақтағы "дейiн" деген сөз "кейiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 6-тармақтағы "үш" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 10-тармақтағы "(егер сынақтан өтушi мемлекеттік нотариуста сынақтан өткен болса) әдiлет басқармасында, не (егер сынақтан өтушi жекеше нотариуста сынақтан өткен болса) нотариалдық палатада тiркеледi" деген сөздер "(егер сынақтан өтушi мемлекеттік нотариуста сынақтан өткен болса) әдiлет басқармасының бастығымен, не (егер сынақтан өтушi жекеше нотариуста сынақтан өткен болса) нотариалдық палата төрағасымен бұрыштама қойылады және тиiстi журналда тiркеледi." деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 11-тармақ алынып тасталсын;

5) 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"14. Осы Ереженiң талаптары мемлекеттік нотариустарға және нотариус болып iстеген адамдарға, егер олар бұл қызметте кемiнде алты ай жұмыс iстесе, қолданылмайды.".

2. Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 13 наурыздағы № 177 бұйрығына:

аталған бұйрықпен бекітілген нотариаттық қызмет құқығына лицензиялар беру тәртібі туралы Ережеде:

1) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Лицензиар лицензияны беру туралы мәселенi мынадай құжаттардың негiзiнде қарайды:

1) лицензия беру туралы өтiнiш;

2) Әдiлет біліктiлiк алқасының біліктiлiк емтиханын тапсырған нәтижелерi және ұсынымды тапсырғаны туралы шешiмi;

3) Лицензиялық алымды төлеу туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку