Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарт (Астана қ., 2000 ж. 10 қазан) (2007.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы
шарт
(Астана қ., 2000 ж. 10 қазан)

(2007.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

2001 жылғы 2 сәуірдегі № 172-II ҚР Заңымен бекітілді

2001 ж. 30 мамырда күшіне енді

 

Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы,

өз халықтарының тұрмыс деңгейін арттыру үшін экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын жағдайда жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық жаңартуларды келісу арқылы өздерінің серпінді түрде дамуын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

өзара интеграция процестерін дамыту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бекем бел байлап,

әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне кірігу кезінде көзқарастарды үйлестіру қажеттігін пайымдай отырып,

1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімге, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімге, 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа сәйкес өздері қабылдаған міндеттемелерді толық деңгейде орындауға дайын екендіктерін білдіре отырып,

Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына өздерінің адалдықтарын қуаттай отырып,

төмендегілер туралы уағдаласты:

2007 ж. 6 қазандағы Хаттамамен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап

Халықаралық ұйымды құру

Осымен Уағдаласушы Тараптар «Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы» халықаралық ұйымын (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) құрады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции