Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек № 1434 (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 19 наурыздағы N
231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек № 1434

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың тең төрағаларының қазақстандық бөлiгi құрамына мыналар:

Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай үкiметаралық комиссиясына, Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-иран үкiметаралық комиссиясына - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы;

Сауда-экономикалық байланыстар және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-болгар комиссиясына - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы;

Шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ресей шағын комиссиясына - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi Нефедов Петр Петрович;

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-палестина комиссиясына және Қазақстан-ливия бiрлескен үкiметаралық комиссиясына - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментiнiң директоры Дунаев Арман Ғалиасқарұлы енгiзiлсiн.

Көрсетiлген құрамдардан Серiк Мiнәуарұлы Бүркiтбаев, Николай Владимирович Радостовец, Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов және Есберген Әбiтайұлы Әбiтаев шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку