Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 1404 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 1404 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Серік Мінәуарұлы Бүркітбаев шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку