«Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейтужөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы
ҚР Президентінің 2010.22.09. № 1066 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстанда сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту, сот-құқық реформасының қарқынын жеделдету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан Сот әкімшілігі жөніндегі комитет (бұдан әрі - Жоғарғы Сот жанындағы комитет) құрылсын.
2. Былай деп белгіленсін:
1) Жоғарғы Сот жанындағы комитет және оның облыстардағы (Астана мен Алматы қалаларындағы) әкімшілері соттардың қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай уәкілетті орган жүйесін құрайды;
2) Жоғарғы Сот жанындағы комитет туралы ережені және оның құрылымын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
3) Жоғарғы Сот жанындағы комитеттің төрағасын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Документ утратил силу
Демо – версия документа