Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 787 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы №
1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 787 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:

"Сирек, жердiң сирек металдары, өндiрiс үшiн шикiзаттар, қорытпалар, қоспалар және бұйымдар" деген жолдардағы 2-бағанда:

"282530000" деген сандардан кейiн "(ванадийдiң бестотығынан басқасы)" деген сөздермен толықтырылсын;

"8108" деген сандардан кейiн "(титан көпiршiгiнен басқасы)" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку